3.3. Динамикалық сипаттамалар арасындағы байланыс
Барлық қарастырылған динамикалық сипаттамалар: уақыттық, жиіліктік, беріліс функциясы бір-бірімен байланысты. Бір сипаттамаға ие болып, олардың арасындағы байланысты біле отырып, қалғандарын табуға болады.
1. Жүйенің дифференциалдық теңдеуі берілсін. Басқа динамикалық сипаттамаларын табу керек.
(3-17)
Беріліс функциясы (3-17) теңдеудің оң және сол бөліктерін тікелей Лаплас бойынша түрлендіріп табылады:
(3-18)
Нольдік бастапқы шарттар жағдайында:
(3-19)
Амплитуда-фазалы сипаттама беріліс функциясына (3-18) р=iω қойып табылады:
(3-20)
Үдеу қисығы y(t), x(t)=1(t) жағдайында жүйенің дифференциалдық теңдеуін (3-17) шешу арқылы табылады.
Импульсті-өтпелі функция h(t) де x(t)=δ(t) жағдайында дифференциалдық теңдеуді шешу арқылы табылады.
2. Беріліс функциясы W(p) берілген делік, басқа динамикалық сипаттамаларын алу керек.
Үдеу қисығы y(t), x(t)=1(t) жағдайында беріліс функциясының W(p) Лаплас бойынша кері түрлендірумен табылады.
(3-21)
Импульсті-өтпелі функция h(t) да x(t)=δ(t) жағдайында беріліс функциясының W(p) Лаплас бойынша кері түрлендірумен табылады:
(3-22)
3. Үдеу қисығы y(t) берілсін.
Беріліс функциясы W(p) үдеу қисығын Лаплас бойынша тікелей түрлендірумен және оны комплексті айнымалыға р көбейтумен табылады.
(3-23)
Амплитуда-фазалы сипаттама р=iω жағдайында беріліс функциясынан (3-23) табылады.
Импульсті-өтпелі функция h(t) үдеу қисығынан дифференциялдау операторын қолданып алынуы мүмкін:
(3-24)
1. Импульсті-өтпелі функция h(t) берілген, алдыңғы мысалдарға ұқсас қалған динамикалық сипаттамаларды алуға болады.
Беріліс функциясы W(p) импульсті-өтпелі функцияны h(t) Лаплас бойынша тікелей түрлендірумен табылады:
(3-25)
Үдеу қисығы y(t) импульсті-өтпелі функцияны h(t) интегралдаумен алынады:
(3-26)
Мысал. Беріліс функциясы төмендегідей нысана үшін жиіліктік сипаттама құру:
(3-27)
Амплитуда-фазалы сипаттама (3-27) теңдеуде p=iω алмастырумен табылады:
(3-28)
Бөлімі мен алымындағы теңдеулер әр түрлі формада болғандықтан, ыңғай үшін оларды бөліп қарастырамыз.
(3-29)
Жиіліктердің 0-ден ∞-ке дейін өзгерген жағдайында жиіліктік сипаттамалар графиктерін құруға болады.